
«ҚАЗАҚ ТІЛІ" мен "ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ»
пәндерін оқыту
құндылықтарға негізделген мазмұндық концептілер
арқылы жүзеге асырылады.
Білім мазмұнындағы құндылықтарға негізделген концептілер
(«Тіл», «Адам», «Отан», «Отбасы», «Ар-ождан», «Мәдениет», «Еңбек», «Табиғат», «Білім», «Намыс»)
оқылым, тыңдалым мәтіндері арқылы көрініс табады.
Оқу материалдары білім алушының ұлттық санасын, ұлттық ділін қалыптастыруға, тұлғаның құндылық бағдарын дамытуға бағытталады.
ҚҰНДЫЛЫҚ БАҒДАРЛЫ ТАПСЫРМАЛАР
1. МӘТІН МАЗМҰНЫН ТАНУ
қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық, ғылыми тақырыптардағы монолог, диалог, полилог мәтіндерді сөйлеушінің сөйлеу мәдениетіне, тіл байлығына, назар аудара отырып тыңдайды, орфоэпиялық нормаға сай, стильдік, жанрлық ерекшеліктеріне сәйкес оқиды, көтерілген мәселені, негізгі, қосымша, детальді ақпаратты, астарлы ойды, тірек сөздерін, құндылық мәнін анықтайды, өмірлік мәселелер мен байланыстырып, сыни пікір білдіру, жетелеуші сұрақтар қою
2. МӘТІН ҚҰРЫЛЫМЫН ТАНУ
ресми хабарлама/ сын-пікір/ ғылыми баяндама мәтіндерінің құрылымдық-мазмұндық бөліктеріне талдау жасау
3. МӘТІН ТІЛІН ТАНУ
тыңдалған/оқылған мәтін тіліне кешенді талдау жасайды, мәтіндегі жаңа сөздердің мағынасын болжайды, сөздіктер арқылы нақтылайды, мәтіннің құрылымдық- мазмұндық бөліктерін байланыстырушы тілдік бірліктердің қызметін анықтау; мәтін мазмұнындағы мезгілдік, мекендік, мақсаттық, себеп-салдарлық, шарттық, салыстырмалы, қарсылықты, түсіндірмелі, байланыстарды анықтау