top of page
image_edited.jpg

Қазақ тілі мен әдебиетін оқу барысында оқушылар ұлттық өмір шындығын меңгереді. Олар тілдің ауызша және жазбаша формалары арқылы халықтың мәдени мұрасына, тілдік нормалар мен дәстүрлерге, тіл заңдылықтарына қанығады. Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында мұғалім қалыптастыратын құндылық негіздері:

  • Сөзге деген сүйіспеншілік;

  • Көркем сөз өнеріне деген қызығушылық;

  • Тілді ұлттық-мәдени феномен ретінде бағалау.

Құндылықтарды игеру механизмі адамның өзін-өзі айқындау құндылығының үлгісі арқылы жүзеге асады. Өзін-өзі айқындаудың алғашқы кезеңінде білім алушы игеретін құндылықтардың мәнін аша келе, белгілі бір құндылық бағдарға ие болады. Оның өзін-өзі реттеуі жүзеге аса отырып, ар-ұят, өзін-өзі бағалау, өзін-өзі сынау, өз мінез-құлқын қоғамдағы үлгімен, досымен салыстыра алу қабілеттері көрініс табады. Ұлт өкілінің бірден бір белгісі – оның ұлттық өзіндік санасының қалыптасуы. Ұлттық өзіндік сана адамның тұлға ретіндегі субьектілік анықталуы. Бұл өз кезегінде ұлттық құндылық бағдарының болуы арқылы жетіле түседі. 

СТРЕЛКА.png
құнд.png

Болашақ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің аксиолингвистикалық құзыреттілігінің қалыптасу кезеңдері

1.  Құндылықтарды үздіксіз іздеу, оған ұмтылу, тану, білу, түсіну;

2.  Таныған, білгенін көңіл түйсігімен саралап, талдап, жүрегіне жақынын анықтап, бағалап, таңдау;

3.  Бағалап, таңдаған дүниенің өз өмірімен байланысын анықтап, мақсаттар құру;

4.  Жақсы таныған, бағалаған, басымдық берген құндылықтарына қатысты құрылған мақсаттарына сай нақты қадам, әрекеттер жасау, өмірде қолдана бастау;

5.  Әрекеттерін өмірлік дағдыға, құндылықтар жүйесіне айналдыру.

Құндылықтар жүйесі «идеологияның негізі, әлеуметтік реттеудің құндылықтық-нормативтік механизмі қызметін атқаратын мәдениеттің құрамдас элементі.

Әлеуметтік мәдениет адамдар арасындағы қарым-қатынастарды реттеудің маңызды тұлғалық және әлеуметтік механизмі болады, ал құндылық нормалар, үлгілер және идеалдар түрінде осы жүйенің шешуші элементі қызметін атқарады. 

Без заголовка.png
1.png

Тіл – білім беру құндылықтарының аксиолингвистикалық негіздерінің маңызды құрамдас бөлігі. Білім беру жүйесінде тіл құндылықтар жайлы сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту және ой-пікірді жеткізу құралы ретінде қолданылады. Тіл құрмет, жауапкершілік және адалдық сияқты құндылықтарды білдіру үшін, сондай-ақ білім алушыларға осы құндылықтардың мәні мен маңызын үйрету үшін пайдаланылуы мүмкін. Оқушылардың оқытылатын құндылықтарды түсінуін қамтамасыз ету үшін сабақта қолданылатын тіл анық, қысқа және жүйелі болуы керек. 

"Өркениет, мәдениет, салт- дәстүр, ұлттық менталитет» деп дәріптейтін құндылықтардың бәрі де, сайып келгенде, тіл қасиетіне барып тұрақтайды, тілдің құдіретті күшімен, тамаша жаратылысымен ғана бейнеленіп, бағаланып, реальді факторға айналады." 

                                        Ә.Қайдар

Аксиологиялық концептілер – ұлттық ойлау ерекшелігіне тән құбылыс, ұлттың өмір сүру ортасы, салты, дүниені тану ұстанымдарымен байланысты тілде жинақталған әлемді бағалаудың өлшемдері, құндылықтар жүйесі. Осы құндылықтар жүйесі адамға құнды мен құнсызды, жақсы мен жаманды, маңызды мен маңызды емес, жақын мен алысты ажыратуға, бағалауға көмектесіп, әрекеттерін, қарым-қатынастарын реттеп отыратын білім қоры қызметін атқарады.

ОҚУЛЫҚ МӘТІНДЕРІНДЕГІ ҚҰНДЫЛЫҚ КОНЦЕПТІЛЕРІ

Без заголовка.png

Мәтіннің аксиологиялық кеңістігі мен аксиологиялық өрісі, белгілер жүйесі, соның ішінде тілдік және мәтіндік механизмдер арқылы эксплицитті және имплицитті түрде берілген құндылықтардан тұрады

А.БАЙТҰРСЫНҰЛЫ

image.png

ТІЛ ДАМЫТУ

 

Суреттер беріліп, әр суреттің астына олардың атауы жазылған (ара, нан, нар, сан, сона, ас, сазан, сабан және т.б) Суретке қарап, жазуын оқып балалар сол сөздерді естерінде сақтайды. Ал «Оқу құралында» «Киімдер», «Дене мүшелері», «Үй саймандары» және т.б. аттармен сөздер тізбегі берілген.

СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

«Қисындау (ермек-еңбек)» айдарында А.Байтұрсынов балаларға сөйлем жазуды тапсырады. Осылайша әр ойын сайын балаларға сөйлем жасауды тапсырып отырған. Одан бөлек «Атбақыл» деген ойынды беріп, балалардың сөйлеу тілін жаттықтыруды көздеген. Ал сөйлеу тілінің жүйесін үйрету үшін «Қайсысын қайда қойу» тапсырмасын берген. Бұл тапсырманың шарты бойынша, алдымен балаларға мәтін беріліп, кейін сол мәтіндегі әр сөйлем кестеде бөлек-бөлек беріледі. Кестедегі төрт сөйлемді кесіп, балаларға сөйлеу жүйесімен қою тапсырылады.

ЕРЕКШЕ ДЫБЫСТАРДЫ ДҰРЫС АЙТУ

А.Байтұрсынов «Оқу құралы» атты еңбегінде әріптерді үйрету барысында айтылуы немесе жазылуы ерекше сөздерге тоқталып өткен: «о» сөз басында келсе алдына тайақ қойылады: бұл тайақ оқылмайды, сүйеу болу үшін қойылады демек керек. Бұл жіңішкелік белгісі – дәйекші. Сөз алдында дәйекші тұрса, ол сөздің кәріфтері жіңішке айтылады деп балаларға оқытарға керек. Немесе ғ, қ ылғи жуан айтылады. к, г, е – ылғи жіңішке айтылады деп түсініктеме беріп отырған.

САУАТТЫ ЖАЗУҒА ДАҒДЫЛАНДЫРУ

А.Байтұрсынұлының «Оқу құралы» да, «Әліб-бійі» де, «Сауат ашқышы» да ортақ мақсатты көздеген – балаларды сауатты жазуға үйрету. Әр әріпті өткен соң оның астына сол әріп қатысқан бірнеше сөздер беріп отырған. Ол сөздерді оқып жаттығу арқылы балалар олардың жазылуын есте сақтап отыратын сөзсіз.

КӨРКЕМ ШЫҒАРМАМЕН ТАНЫСУ

«Оқу құралында» Абайдың «Күз» өлеңі берілген. «Сауат ашқышта» Торайғыр бидің, Атақозы, Мөңке және өзге де билердің айтқандары, олан бөлек өзінің Крыловтан аударған өлеңдері, Ы.Алтынсариннің «Таза бұлағы» және Мағжанның «Түн еді» атты өлеңдері берілген.

Т.ШОНАНҰЛЫ

ТІЛ ДАМЫТУ

Т.Шонанұлы «Орыстар үшін қазақша әліппе» еңбегінде суреттер беріп, оның астына атын жазып, төменгі тұсына Бала арбада. Ара балада. Ара арбада. Ба-ла. А-ра түрінде сөздер беріп Прочтите еще раз дома. Выпишите новые слова в особую тетрадь в алфавитном порядке деп сөздерді жаттауға беріп отырған.

ЕРЕКШЕ ДЫБЫСТАРДЫ ДҰРЫС АЙТУ

Ққ, Тт, Пп, Ее, Уу.Работа. Прислушайтесь к говору совего товарища-казака, как он произносит қ и к. Какая разница между произношением қ и к деп дыбысталуы қиындық келтіретін сөздерді тыңдау арқылы үйренуді ұсынған. Одан бөлек І, Ұ, Ү әріптерінің дыбысталуын І есть мягкий вид звука Ы и произносится как послеударное руское е деп түсіндіріп те отырған.

КӨРКЕМ ШЫҒАРМАМЕН ТАНЫСУ

«Шала сауатты ересектер үшін оқу құралы» атты еңбегінде Абайдың «Аттың сыны» атты өлеңі, Бейімбеттің «Қойшы» өлеңі, Ж.Аймауытұлының «Еңбекшілер ұраны» деген аударма өлеңі берілген.

image.png

СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Т.Шонанұлы Составьте сами предложения при помощи мен, біз из следующих слов: ал, отыр, тұр, жат, кет, жүр деп оқушыларды сөйлем құрауға дағдыландырып отырған. Одан бөлек мәтіндердің үлгісі беріліп, оқушыларға сондай ауызша мәтін құрастыру тапсырмалары да берілген.

САУАТТЫ ЖАЗУҒА ДАҒДЫЛАНДЫРУ

Выпиште новые слова секілді тапсырмалар өте көп берілген. Автордың мұндағы мақсаты да айқын: оқушыларды сауатты жазуға дағдыландыру. Себебі оқушы сөздерді жай ғана оқып қоймай, оны дәптеріне көшіріп жазар болса, оның жазылуы есінде сақталып қалады.

ТІЛ ДАМЫТУ

Кейбір жаңа тақырыптың басында ережеге сәйкес қазақша-орысша сөздік беріліп отырған: етік – сапоги, етікші – сапоги, жұмыс –работа, жұмысшы – рабочий, работник. Приставка –шы означает производителя, профессию, род занятий. Одан бөлек оқулықтың соңында сөздік берілген.

ДИАЛОГТІК СӨЗДІҢ ДҰРЫС ҚАЛЫПТАСУЫ

Кейбір мәтіндер диалогқа құрылған. Сондай мәтіндердің бірі - «Асқана»: Таң-ертеңгі тамаққа не береді? Таң-ертеңгі асқа шай, қант, ақ нан, май, жүмыртқа береді. Ботқаны неден істейді? Ботқаны тарыдан не күріштен істейді. Осындай диалогтерді оқи отырып, оқушылар өздері де сұрақ қойып, оған жауап беруге дағдыланады.

СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ГРАММАТИКАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

 

Қазақ тіліндегі сөйлемдердің құрылуын түсіндіріп отырған: "Примечание: сказуемое всегда стоит в конце предложения". Одан бөлек кейбір сөздері түсіріліп бірнеше сөйлемдер беріліп, оқушыларға сөздерді тиісті орнына қою тапсырмасы жиі беріліп отырған.

Қ. Кемеңгерұлы

image.png

ЕРЕКШЕ ДЫБЫСТАРДЫ ДҰРЫС АЙТУ

Өзге ұлт өкілдеріне қазақтардың төл дыбыстарын дыбыстау қиынға соғатын болғандықтан, автор оларған ерекше тоқталып отырған: қ- к (очень заднее, производимое самым корнем языка «кң») немесе ң – нг, как немецкое ng, произносится с пропуском воздуха деп беріліп отырған.

ТҮСІНГЕНІН АЙТА БІЛУ

«Оқу құралында» мәтіндердің, өлеңдердің төменгі тұсында сәйкесінше Өз сөздеріңмен айтыңдар, Қара сөзбен айтыңыз секілді тапсырмалар берілген.

КӨРКЕМ ШЫҒАРМАМЕН ТАНЫСУ

Ы.Алтынсариннің, Б.Майлиннің өлеңдері, Ж.Аймауытұлының аудармасы берілген. 

WhatsApp Image 2025-05-19 at 11.11.16.jpeg

Сөз өнері - нәрсенің жайын, күйін, түрін, түсін, ісін сөзбен келістіріп айту өнері. Бұл сөз өнері болады (қазақша асыл сөз, арабша әдебиет, европаша литература). Өнердің ең алды сөз өнері деп саналады. «Өнер алды қызыл тіл» деген қазақ мақалы бар. Мұны қазақ сөз баққан, сөз күйттеген халық болып, сөз қадірін білгендіктен айтқан. Алдыңғы өнердің бәрінің қызметін шама қадарынша сөз өнері атқара алады. Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сым- батты я кескінді сүгіреттер болсын, қандай әдемі ән-күй бол- сын сөзбен сөйлеп, сүгіреттеп көрсетуге, танытуға болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді.

Сөз өнері адам санасының үш негізіне тіреледі: 1) ақылға; 2) қиялға; 3) көңілге. Ақыл ісі – аңдау яғни нәрселердің жайын ұғу, тану, ақылға салып ойлау. Қиял ісі – меңзеу яғни ойдағы нәрселерді белгілі нәрселердің тұрпатына, бернесіне ұқсату, бернелеу, суреттеп ойлау. Көңіл ісі – түю, талғау. Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жа- рау. Мұның бәріне жұмсай білетін адамы табылса, тіл шама қадарынша жарайды, бірақ тілді жұмсай білетін адам табылуы қиын. Ойын ойлаған қалпында, қиялын меңзеген түрінде, көңілдің түйгенін түйген күйінде тілмен айтып, басқаларға айтпай білдіруге көп шеберлік керек.

bottom of page